Жаңалықтар

Сайлау әділ өтті

Сайлау әділ өтті

Президенттік сайлауда дауыс санаудың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 81,31% дауысын жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
• Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 456 392 немесе 81,31% дауыс жинады;
• Қарақат Әбден - 206 206 немесе 2,6% дауыс жинады;
• Нұрлан Әуесбаев - 176 116 немесе 2,22% дауыс жинады;
• Жигули Дайрабаев - 271 641 немесе 3,42% дауыс жинады;
• Мейрам Қажыкен - 200 907 немесе 2,53% дауыс жинады;
• Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 немесе 2,12% дауыс жинады.
Сондай-ақ 460 484 қазақстандық немесе сайлаушылардың 5,8%-ы «барлығына қарсы» бағанын таңдады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлаушылардың белсенділігі бойынша қорытынды ақпаратты ұсынды.
Қорытынды есеп бойынша 20 қарашада 8 300 046 қазақстандық немесе сайлаушылардың 69,44%-ы дауыс берді.
Аллануров Хаётуллахон Рахматуллаевич
Сайлау бойынша жауапты маман.