Жаңалықтар

Астаналық кәсіпкерлерге көше саудасы үшін 596 жер учаскесі берілді

Астаналық кәсіпкерлерге көше саудасы үшін 596 жер учаскесі берілді

Бұл туралы елорда маслихатында өткен тұрақты комиссия отырысында «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Еркеғали Әлімқұлов айтты. 1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы 2016 жылы қабылданды. Оның операторы болып «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бекітілді. Бағдарлама аясында 2017 жылдың наурыз айынан бастап жер учаскелерін жалға беру туралы 831 шарт жасалды. Атап айтсақ, 2017 жылы – 438, 2018 жылы – 178, 2019 жылы – 116, 2020 жылы – 67, 2021 жылы – 32 учаске жалға берілді, - деді Еркеғали Әлімқұлов. Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бизнес өкілдеріне берілген 596 жер учаскесі бойынша қосалқы жалдау шартын жасасқан. Көбіне бұл орындарда көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түліктер сатылады. Сонымен қатар жалға алынған учаскелерде тез тамақтану пунктері де ұйымдастырылған. Еркеғали Әлімқұлов кәсіпкерлер жалға алған учаскелерде орнатылған павильондар оларға ұсынылған объектілердің эскиздеріне сәйкес келмейтінін атап өтті. Сауда орындарын «Astana» ӘКК дайындаған эскиздер бойынша салуға 5 миллионнан 15 млн теңгеге дейін қаражат қажет. Е.Әлімқұлов дерегінше, бұған көбінің жағдайы жете бермейді.