Ата-анасы 3 жастағы қыздарын аштан өлтіріп, видеоға түсірген

29 Шілде, 2018 7137 0

Ютада ерлі-зайыптылар 3 жастағы қыздарын қорлап, тамақ бермей, аштан өлтірген.

Видеода анасы қуырылған жұмыртқаны қызының алдына апара беріп, «саған тамақ жоқ» деп қайта тартып алғанын көруге болады. Ерлі-зайыптылар бұл қылықтарын камераға да түсірген. 

Бала 2017 жылдың шілдесінде өлі табылған. Ол қайтыс болғаннан кейін ата-анасы полцияға хабарласып, баланың тыныс алмай жатқанын айтқан.

Баланың аяқ-қолы көгеріп, жарақаттары болған.Оның енді 23 және 25 жастағы ата-анасы өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Сотта анасы баланың денесіндегі жарақаттарын жасыру үшін косметика пайдаланғанын айтқан. Бірақ ерлі-зайыптылардың ешқайсы өздерінің кінәларын мойындамаған.
 
Дереккөз: https://life.ru

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.