Сындарлы белестен сүрінбей өттік
Сындарлы белестен сүрінбей өттік
20 қарашада кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын өткіздік. Еліміздің кемел келешегі үшін таңдау жасадық. Әділдіктің ақ туын желбіретіп, халықтың үніне құлақ асатын жаңа кезеңге аяқ бастық.
Президент сайлауы өте отаншылдықрухта өтті. Әрбір сайлау учаскелерінде тыңғылықты дайындық болғаны байқалады. Ел бірлігі мен ынтымағы көрінді. Сайлауға қатысушыларға сыйлықтар үлестіріп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуы бұл күннің маңыздылығын ұғындырды. Еліміздегі тарихи оқиға болды.
Жаңа Қазақстанға жарқын сеніммен үміт артамыз. Ал енді болашақ үшін артқан халық сенімін ақтауға еңбектенуден танбайық!
Азаматтық құқығымды пайдалана отырып, елімнің ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанның жаңаруына өз үлесімді қосатын боламын. Бұл менің Отан алдындағы перзенттік борышым деп білемін. Жаңа Қазақстанды бірге көркейтейік!
Гүлбахира ТӘЖІБАЕВА,
Түркістан облысының мәслихат депутаты