Жаңалықтар

Алдымызда Президентпен бірге еңсерер үлкен міндеттер тұр

Алдымызда Президентпен бірге еңсерер үлкен міндеттер тұр

Биылғы сайлау жоғары дәрежеде өтті. Түркістан облысы бойынша 900-ден астам сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Облыс халқының 80 пайыздан астамы Президент сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл – еліміздің саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымдарын білдіреді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңімпаз атанды. Енді 7 жыл бойы қазақ елінің көшін бастайды. Алдағы уақытта бізді ірі экономикалық әрі саяси реформалар күтіп тұр. Халқымыз жаңалық пен өзгерістерге дайын болуы керек. Ол өзгерістер бұған дейін де басталған болатын. Қазақстанды келешекте тың серпілістер күтуде. Бастысы, халқымыз бірлігінен, ауызбіршілігінен айырылмауы керек. Жұмылған жұдырықтай болып барлық қиындықтарды бірге еңсеруіміз қажет. Уәлихан ҚАЙНАЗАРОВ Қоғам қайраткері