Елімізде болатын оң өзгерістерге сенімдіміз
Елімізде болатын оң өзгерістерге сенімдіміз
Күні кеше еліміз үшін тарихи оқиға - Президент сайлауы өтті. Саяси науқанға халық қызу дайындықпен қатысты. Отандастарымыз өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, таңмен таласа дауыс беруге асықты. Сайлау өз мәресіне жетіп, нәтижесі көптің көңілінен шығып жатыр.
Сәтті өткен сайлау нәтижесі арқылы елдің саяси белсенділігі артып, қоғамда тың серпілістер сезілетіні анық. Себебі біз халық болып, өзіміз қалаған басшыны сайлап алдық. Елдің тұтастығы мен бірлігін сақтап, алдымызда қуатты Қазақстанның жарқын болашағы күтіп тұр. Сайлауға белсенділік танытқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтатыны анық.
Бекмуратова Алия ,
Ақбұлақ ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы