Жаңалықтар

Халықтың сенімі – Еліміздің болашағы

Халықтың сенімі – Еліміздің болашағы

Еліміздегі және бір маңызды саяси науқанды еңсердік. Бұл науқанның да еліміз тарихында жазылып қалатыны сөзсіз.
Халық болып қолдаған Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта Exit poll-дың қорытындысымен танысқан сәтте Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта басты билік институттары түгел жаңғыртылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе екенін, сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек екендігін айтып, мықты мемлекет құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажеттігін, онсыз ешқандай да реформа болмайтынын, бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісуіміз қажет екенін жеткізді.
Алдағы уақытта да елдің елдігін танытатын, елдің кемел болашағы үшін атқарылатын жұмыстарда бірлік танытып, баршамыз жарқын істердің басында бірге болайық. Ынтымағымыз бен берекелі бірлігіміз жоғалмасын!
Әділетті Қазақстан үшін!