Жаңалықтар

Тарихи күнде тарихта қалатын қадам жасайық

Тарихи күнде тарихта қалатын қадам жасайық

Бүгін елімізде дүбірлі той, ұлы саяси науқан жүріп жатыр. Алғаш рет Қазақ елі Мемлекет басшысын 7 жылға тек бір рет ғана сайлағалы отыр. Мақтааралдық жастардың көшбасшысы ретінде мен де бұл сайлауға белсене қатысып, өзімнің конституциялық таңдауымды жасадым. Жастардың көшбасшысы әрі аудандық мәслихаттың депутаты ретінде саяси науқанды бақылау үшін өзім бекітілген Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі сайлау учаскелерін де аралап шықтым. Барлық жерде дауыс беру ҚР-ның заңнамаларына сәйкес өтіп жатыр. Учаскелік комиссиялар үйлесімді жұмыс істеуде. Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Арнайы кабинкалармен, тактильдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін, көзі көрмейтін зағип жандар үшін учаскелерде тактильді жолақ, сурдо-тифло аудармашы, инватакси және әлеуметтік таксилерімен тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Халықтың белсенділігін, жаңа Президентті сайлауға деген көзқарастарын, жалпы сайлаудың өту барысын оң бағалауға болады. Халықаралық стандарттар мен конвенциялар шеңберінде дауыс беру процесін өткізу – Қазақстанның демократиялық құндылықтарға бейімділігінің көрсеткіші. Сонымен қатар, учаскелердегі байқаушылар сайлау кезінде Қазақстан заңнамасы мен халықаралық келісімдердің ірі бұзушылық фактілері қазірге дейін анықталмағанын айтып отыр. Бұл аталған іс-шараның ашықтығы мен мемлекеттің өз міндеттемелерін жоғары деңгейде орындап жатқанының айғағы. Дүбірлі саяси науқан процесін ұйымдастыру бойынша жауапты органдардың жұмысын оң бағалағым келеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, дауыс беру үзіліссіз өтіп жатыр. Бұған дейінгі ақпараттық-насихаттың жұмыстың нәтижелері, ең бастысы, халықпен жұмыс нәтижелері және референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтардың ақпараттық күн тәртібіне қатысуы да маңызды рөл атқарып жатыр. Сүндет Кенжебаев, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты