Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды
Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды
Бұған дейін бұл қызметті Әлихан Смайылов атқарды. Ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын", - делінген харлықта.
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі болған Әлихан Смайылов қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.