Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Бұған дейін бұл қызметті Әлихан Смайылов атқарды. Ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын", - делінген харлықта. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі болған Әлихан Смайылов қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ерұлан Жамаубаев кім

Ерұлан Жамаубаев 2019 жылдың 22 наурызында қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Әр жылдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарушы директоры (2014-2015 жылдары), президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бақылау бөлімі бастығының орынбасары (07.2015-11.2015), кейіннен бөлім бастығы (11.2015-11.2018) болды. 2018 жылдың 29 қарашасынан 2019 жылдың 22 наурызына дейін Жамаубаев президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді. Үйленген, үш баласы бар.