Қуатты да Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!
Қуатты да Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!
Түркістан төңірегі бойынша тұрғындар бұл сайлауда да үлкен белсенділік танытты. Ауыл, ел болып тұрғындардың 80% астамы дауыс беріп, Республикада алдыңғы қатардан көрінгендігіміз көңіл қуантады.
Халқымыздың ел болашағына атүсті қарамайтындығы, ауызбіршілік пен ынтымақта ел мүддесі үшін жұмыс жасайтындығы байқалды.
Еліміздің терең тарихтан бастау алатын, жарқын болашағы жолында өз көшбасшыларын таңдағанына куә болдық.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта Exit poll-дың қорытындысымен танысты.
Нәтижеге орай Халықтық коалиция атынан сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45 пайызбен жеңіске жетті.
Қасым- Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: “Бұл науқан біздің тарихымызда қалатыны сөзсіз. Баршаңызға, Халықтық коалиция мүшелеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Exit pool-дың алдын- ала нәтижесі шықты. Әрине ресми қорытындыны күтеміз. Дегенмен, қазірдің өзінде халқымыз маған сенім артты деп айтуға болады. Халықтың сенімі ол - ең құнды нәрсе. Бәріміз ақтауымыз керек”, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Еліміздің еңселілігіне жұмыс жасау -баршамыздың Отан алдындағы азаматтық борышымыз.
Ел үмітпен үміт артқан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа бастамаларына сәттіліктер тілейміз!!!
Ибадуллаева РАЯ