Бүгін Республика көлемінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде
Бүгін Республика көлемінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде
Бүгін Республика көлемінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Осыған орай, таңғы сағат 7.00-ден бері сайлау учаскесілерінде мемлекеттік әнұран шырқалып, ресми түрде ашылды.
Отырар ауданы бойынша 38 елдімекенде жалпы саны 40 сайлау учаскісі орналасқан. Оның ішінде бір (жабық) сайлау учаскісі аудандық орталық ауруханасы.
Аудандағы барлық сайлау учаскілерінде 40 төраға және 241 сайлау коиссия мүшелері жұмыс жасауда.
Отырар ауданы бойынша 54586 халық болса, сайлаушылар саны 28937 адам. Ауданда орналасқан барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Сондай-ақ, орталықтан шалғай орналасқан елдімекендерде тұрғындарға жергілікті әкімдіктердің ұйымдастыруымен тегін автокөліктер қатынауда.