Енді «некеде тұру туралы анықтаманы» онлайн алуға болады

05 Желтоқсан, 2019 266 0

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы енді онлайн Egov электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.

Ол үшін:

1. Порталда авторлану және «Отбасы» содан соң «отбасылық жағдайы» бөліміне өту;

2. «Некеде тұру туралы анықтаманы» таңдап, өтінімді толтыру және ЭЦҚ  немесе смс-пароль көмегімен қол қою;

3. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің бетіне «Төлеу» батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу қажет.

4. Анықтаманың дайын үлгісін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен қарай аласыз 

Айта кететін жағдай, қызметті онлайн түрде некесін 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркеген азаматтар ала алады.

Қызмет құны: 0,3 АЕК

Тегтер: «некедетұрутуралыанықтама», Egov, электрондыүкімет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.