Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың не үшін күрт көбейгені белгілі болды
Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың не үшін күрт көбейгені белгілі болды
дәрігері Әбдіманап Төлебаев айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қаланың бас санитарының айтуынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясында қауіпті індет таралу жағдайы 7 мамырдан бастап анықталған. - «7 мамыр күні осы зауыттың екі жұмысшысы науқастанып, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Олардан алынған сынама қортындысы короновирус жұқтырғанын растаған. Науқастармен қарыс-қатынаста болған алты адам да ауырған.
Зауыттың басшылығы 8 жұмысшының індет жұқтырғанын ескеріп, скрининг жұмыстарын жүргізген. Алайда сынама жұмыстарын алматылық зертхана жүргізгендіктен арада біраз уақыт өтіп кеткен», - деді Әбдіманап Төлебаев. Ал, қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр аталған зауытта қауіпті індетті 96 жұмысшы жұқтырған. Тағы 12 науқас осы зауытқа қосымша қызмет көрсететін компанияларда жұмыс істейді.
29 адам зауыт жұмысшыларымен қарым қатынаста болған туыстар болып табылады. - «Мұнай өңдеу зауытындағы анықталған ошақ залалсыздандыру жұмыстары жасалып, жатақханасы карантинге жабылды. Қауіпті індет анықталған адамдардың барлығы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына, карантиндік стационарларға жатқызылды. Зауыттың жұмысы қазіргі кезде қалыпты жағдайда істеп тұр. Оған басқа жұмысшылар тартылған»,- деді Ербол Садыр.