Суық мектеп: балаларымыз ұрпақсыз қала ма деп қорқамыз

05 Желтоқсан, 2019 266 0

Ақмола облысы Макинск ауылының тұрғындары болашақта ұрпақсыз қаламыз ба деп қорқады. Олардың балалары суық мектепте оқып, өкпе тұрмақ, бүйрек пен қуықтан  да қалыпты. Білім ордасының жайын айтып бармаған жерлері жоқ. Жанайқайын естиін құлақ таппаған соң журналистерге жүгінуге мәжбүр болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мектептің спорт залында доп қуып жүрген мына балалары үшін ата- аналар спорт киіміне шығынданбайды да. Өйткені, оны ауыстырып киетін жылы жер жоқ. Қыздар жағы тіпті күртемен жүгіріп жүр. Ол ол ма, дене шынықтыру мұғілімінің өзінің тұрысы мынау. Сыныптардағы жағдай да мәз емес.  Оқушылардың дені сырт киімін шешпейді де.      

ЕЛИЗАВЕТА ФЕДОРОВА, ОҚУШЫ: 

"Мектеп суық.  Мына тоным қыс бойы үстімнен түспейді. Үзіліс кезінде жылу батареяларына  асылып тұрамыз. Кейде кезекшілердің көзін ала бере жүгіріп жылынып аламыз".
Мектептегі  жылуды өлшейтін жалғыз термометрді әкімшілік 2 метр биікке іліп қойыпты. Білім ордасына келетін  комиссия мүшелерінің көздерін бояған түрі-ау. Физика заңына  амалсыз бағынып тұрған  құралдың сондағы көрсеткені  15 градус қана. Балалардың бойына сай келетін жердегі жылу мөлшерін бағамдай беріңіз. Перзенттеріне жаны ашыған жұрт олардың сөмкелеріне  кітап-дәптермен қоса  шағын  көрпеше  де салып жібереді екен.    

КСЕНИЯ ПОДОЛЬКО  МАКИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

"Мектепке қызыма мынадай көрпеше   тігіп бердім. Орындықтардың бәрі суық. Күні бойы балам тоңады. Қыз бала ғой, ертең суықтап қалса, ұрпақсыз қала ма деп қорқамын. Осы мектепті бітірген талай  жас қыздар  бала сүйе алмай жүр. Оны көріп жүрміз. Несін жасырамын".   

30 жыл бұрын салынған бұл білім ордасына ешқашан күрделі жөндеу жасалмаған. Ескі терезерлен улеген желге осында оқиын 700 оқушының 45 минут бойы тапжылмай қалай шыдап отыратындығына таңқаласың. Мұғалімдердің де жетісіп жүргені шамалы. Біздің түсіру тобымыз келгенін естіп, электр жылытқыштарын  үстелдерінің астына тығып қойыпты. Оны қосуға да рұқсат жоқ екен.  

БИБІНҰР ХАЛЫҚОВА , ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

«Суығы суық. Балалар киіммен отырады. Киіммен отырғызамыз. Өзіміз жүрміз  ғой.  
- Обогреватель  көрсетіңізші,   қосуға   болмай ма?
- Заң бойынша болмайды, қосамын, несін жасырамын , Бірақ таңертең қосамын, амал жоқ сосын балардың  демімен жылиды. Суық кезде қосамыз".

Ата- аналар талай жерге шағым айтап барған екен.  Алайда  еститін  уәждері бір - мектепке  күрделі жөндеу керек,  ал оған бюджетте ақша жоқ.  Былтырдан бері  ғимаратты жылыту мәселесі жергілікті  фирмаға сеніп тапсырылыпты. Одан да қайыр жоқ.   

ҰЛАН ҚҰРМАНБАЕВ  БҰЛАНДЫ ЖЫЛУ ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

"Бұл  нысанның  жылымауы  ескі қазандықтың кесірінен еді.  Оны өз күшімізбен жөндедік.  Жылына   400 тонна көмір жағамыз, алайда мектеп ескі, терезелерден жел улейді, сондықтан нысан  жылымайды. Ғимаратқа жөндеу жүргізіп, жылыту жүйесін толығымен ауыстыру керек. Бұл мәселені  аудандық білім бөлімі шешуі тиіс".  

Ал аудандық білім бөлімінде мектеп пен балабақшалардағы жылуға жауапты  маманның жауабы тіпті  жаға ұстаты.  

БОРАНБАЙ ӘБДІЛДИН, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР-ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ:                                                                                                             

Түнде дұрыс жақпаған шығар, температурный  режим не соблюдался,

-Бүгінгі түн емес, 11 жыл бойы осылай суық екен ғой..

-Білмедім ондай суық екенін, білмедім

- Суық болғанына 11 жыл болыпты.  Аяғыңыз аспаннан салбырап түскен жоқ шығар, бүгін түнде жаққан жоқ дейсіз.  

-Бұл жерде терезелерден де келеді, терезелер  ескі, срогы шыққан.   

Тек терезелерді ауыстыруға ғана 100 миллион теңге керек екен. Бүйірі тесік аудан бюджеті  үшін қолжетімсіз сома. Оған көктем мен күзде су сорғалайтын төбені қосыңыз.  Аудан шенділерінің  облысқа жайған қолдары  да әзірге құр алақан. Ондағылар  шыдай тұрыңдар дегеннен әрі аспапты. Күрк-күрк жөтеліп,  мұздай спорт залында алба-жұлбасы шыққан допты қуып жүрген мына балалардың жағдайын ойлауға дамыған елдердің қатарына кіруді армандап жүрген атқамінерлердің қолдары тимейді-ау.   


Тегтер: Ақмолаоблысы, Макинск, ауыл, бала, ұрпақ, мектеп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.