"Ол ешқандай да шал емес": “Қалаулым”-нан кейін қазақ қызы араб жігітінің қалыңдығы атанды
"Ол ешқандай да шал емес": “Қалаулым”-нан кейін қазақ қызы араб жігітінің қалыңдығы атанды
Көрерменге “Қалаулым” бағдарламасы арқылы танылған бойжеткен қалыңдық атанды. Бойжеткен араб жігітіне тұрмысқа шығатынын мойындады. Сүйіктісі оған Дубайдың ең көрікті жерінде ұсыныс айтып, сезімін білдірді. Қалыңдығы келісімін берді, деп newsroom.kz хабарлайды stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Бұл сәт желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік күйеу жігіттің ұлты мен жасын сұрап әлек. Бұған бойжеткеннің өзі жауап берді.
“Ал ең қатты мазалап жатқан сұрақтарыңызға жауып берейін. Ұлты араб! Ешқандай шал емес. Шалдар бұлай билей алмайды. Одан кейін айтарым, ол – бай емес. Дина ақша үшін шығып жатыр, байып кетеді деп уайымдамай-ақ қойыңыздар. Арамызда байлықтан да қымбат – махаббат бар”, – деп жазды ол парақшасында.
Желі қолданушысының бірі оған қарсы шықса, бірі қолдау көрсетті.
“Елдің не шаруасы бар? Өз өмірі, өз бақыты. Шетелге шыққан қыздар жерде қалып жатыр ма? Керісінше, қазақ жігіне шыққан қыздар ажырасып, жылап, сорлап, бір баламен отбасы ойран болып отыр”, “Махаббат деп қыздың бəрі шет елге кету керек пе, не болды, қыздар? Алла жар болсын! Елім, жерім дейтін намыс қайда?”, “Ұзағынан сүйіндірсін, не дейміз енді, бақытты болсын кімге тұрмысқа шықса да”, “Қалың малға араб 15 миллион әкелсін, анасы бір мәз болып қалсын”, “Өзі қазақ қызы, жасағаны европаның патиы, тапқаны басқа ұлт, сонда не болды?” – деп жазды желідегілер.
Бұған дейін араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызының оқиғасы көптің талқысына түскен еді. Бірі оны ақша үшін басқа ұлтты таңдады десе, енді бірі өз таңдауы деп қолдады.
Фото: stan.kz