Адам туралы қызықты фактілер
Адам туралы қызықты фактілер
Өзімізді адам деп атап, сайран салып жүргенімізбен, өзіміз туралы білетініміз әлбетте аз, деп newsroom.kz жазады massaget.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Ғалымдар айтпақшы, өмірдегі ең басты құпия - өзіміз. Олай болса, назарларыңызға адам туралы ең қызықты деген фактілерді жинап-теріп ұсынып отырмыз.
- Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе шайыр ішкен адаммен пара-пар.
- Адам - барлық жаратылыс ішіндегі түзу сызық сыза алатын жалғыз сүтқоректі.
- Адамның өмір бойы өсірген шашы шамамен 725 шақырым болады.
- Сары шаштылардың сақалы қара шаштыларға қарағанда тез өседі.
- Күлген адамның 17 бұлшықеті жұмыс жасайды.
- Адам өкпесінің жалпы ауданы 100 шармы метр.
- Адам ДНҚ-сында шамамен 80 000 ген болады.
- Адам баласы әрбір саусағын өмір бойында 25 миллион рет бүгеді.
- Адам жүрегінің көлемі өзінің жұдырығындай болады. Ересектердің жүрегінің салмағы шамамен 220—260 грамм болады.
- Адам ағзасында бар-жоғы 4 минерал болады: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит.
- Адам миының тәулігіне шығарған электр импульстері, әлемдегі барлық телефондардың шығаратын импульстерінен асып түседі.
- Адам бойында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келі болады.
- Адам миында әрбір секунд сайын 100 000 реакция өтеді.
- Адам туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды (чашка), ол 2-6 жас аралығында пайда болады.
- Адамның өкпесінің жалпы ауданы, теннис алаңының ауданымен шамалас.
- Кеңістік пен уақытты қабылдай алмау синдромы, ресми түрде "Алиса ғажайыптар әлемінде"(Алиса в стране чудес) аталады.
- Адамның ас ішегінің ұзындығы тірі кезінде 2,5 метр болса, жан тапсырғанда 6 метрге ұзарады.
- Адамның оң жақ өкпесіне сыятын ауа, сол жақ өкпеге сыятын ауадан біршама көп.
- Ересек адам күніне 23 000 рет тыныс алады.
- Адамның көзі 10 000 000 түсті ажырата алады.