Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Халық карантиннің әлеуметтік салдарынан зардап шегуде

Халық карантиннің әлеуметтік салдарынан зардап шегуде

Халық карантиннің әлеуметтік салдарынан зардап шегуде
ашық дереккөзі
Өткен апта төтенше жағдайдың аяқталғанымен басталса, оның барысы карантиннен туындаған келеңсіздіктер, керек десең айқай шулармен айшықталды. 42500 теңгені төлеу тоқтатылғанымен жыры біткен жоқ. Себебі жұрт әлі карантиннен шыққан жоқ. Аспаннан ақша жауып жатпағаны ақиқат. Оның сыртында коммуналдық төлемге 12 мыңды әлі ала алмай жатырмыз деп шулаған ағайынның қарасы қалың. Себебі 109, 1414 нөмірлері жауап қатпайды екен, әбден мезі болғандар әкімшілікке келіп базына айтты. Карантин себебінен жабық болған базар басшылары да сатушылардан жалпұл талап етіп жағадан алған. Төтенше тәртіптер жеңілдесе де, төтенше түйткілдер әлі де шешімін таппай отырған жай бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 11 мамырда астанада төтенше жағдай режимі тоқтатылғалы бері мына тұрған қаладан шығуға рұқсат беретін орынға келушілер қатары көп. Бұдан бөлек, бұл маңда әкімдікке кіре алмай жүргендерде жетеді. Айтуларынша, әлеуметтік мәселе, тиісті жәрдемақыларын ала алмаған. Арнайы телефондар жауап бермейді, әкімдіктенде шығып түсіндіретін бір адам жоқ деп өкпелі тұрғындар. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Арғы жағына бардық, ана есікке бардық.Үшінші есікке келіп тұрмыз, әлі кіргізбейді." Тұрғындар есікті қанша қақса да шықпаған міз бақпаған әкімдік өкілдері біздің түсіру тобы келгенде телефондарын ұстап, жан-жағымыздан торуылдады. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Егов не работает, 1414 не работает, 109 не работает, У меня сколько обращение, Кульгинову, Рымбетову...." Жергілікті билік өкілдеріне жете алмай жүрген жанның бірі 75 жастағы қария. Коммуналдық төлемге берілетін 15 мың теңгені ала алмай жүр екен. ИСМАГИЛ БАКИЕВ -ЗЕЙНЕТКЕР: "15 мың теңгенің қалай берілетінін біле алмай қанша күннен бері жүрмін. Аудан әкімдігін анда мында бар деп жібереді. Үйде екі зейнеткерміз". Төтенше жағдай режимі алынғанымен, карантин әлі жалғасады. Сондықтан, мекеме кәсіпорындар, жұмыс орындары толық іске қосылған жоқ. Оның үстіне аты шулы 42500 теңгені де жырымдап жатыр. Ал, экономикадан хабары бар кейбір белсенділер қазынада қаржы жетеді, халыққа қолдау көрсету керек дейді. МҰХТАР ТАЙЖАН – ЭКОНОМИСТ: «Екі ай үйде отырып, жұмысқа шықпай, жағдай қиын боп жатыр. Меніңше, Үкімет әрмен қарай сол 42 мың теңгені төлеу керек деп есептеймін. Оған мүмкіндік бар». Елорда билігі әкімдік ғимаратынан шықпай халықты шулатып қойғанын байқады ма, қаладағы базар басшылары да білгендерін істеді. Екі ай сауда жоқ, жабық тұрған жерге аренда төлеңдер деп сатушыларды шырқыратты. БАЛЖАН ИМАШЕВА, САУДАГЕР: "Бізді марттың 16-да жапты. Марттың 14 күні қалды. Апрельде 16-да графиктан бұрын бізді төлетті. Апрельді полный төлеп қойдық. Бірақ, үйде отырдық істеген жоқпыз. Енді, қазір майдың жартысын төлеңдер, төлемесеңдер тұрмайсыңдар дейді. + 00:39 Майдың ақшасын перерасчет жасасын, апрельді перерасчет жасасын десек, жоқ оны августте перерасчет жасаймыз дейді. Ондай бола ма екен?". Кейбір саудагерлер карантин уақытында интернет арқылы сауда жасамақ болған. Алайда, базар басшылығы олардың заңды тауарын бермей, контейнерлердің маңына күзет қойған. ЕРЛАН СЕЙІТОВ, САУДАГЕР: «Бүкіл Қазақстанның жағдайы қиын болып тұр ғой мына карантинге байланысты. Мысалы біз саудагерміз, біз сезонмен жұмыс жасаймыз. Біз қыстық затты сатып, көктемдік зат әкеліп қойғанбыз. Көктемде карантин келді жабылды. Біз көктемдік затты сатып, жаздық зат әкелуіміз керек негізі. Біз былайша айтқанда, екі сезонда банкротқа ұшырап отырған сияқтымыз". АЛЕКСЕЙ ЧУЕВ, ОРТАЛЫҚ БАЗАР БАСШЫСЫ: "Біздің сауда орталығында жалға берудің әр шаршы метрі 1500 теңгеден басталып, ары қарай кете береді. Қазір, карантин уақытында төлемақыны түсіру жағын қарастырып жатырмыз. Егер, арзан бағада орындар керек болса, базардың басқа бөлігіне ауысыңыздар. Сауда жасайтын жер жетеді бізде. Бірден айтайын сараланған тариф жүйесі алынбайды. Толыққанды шешім жақын күндері қабылданады.". Осы айқай шудан кейін қала әкімдігі де араласыпты. Бірақ, тек базар ғана емес, жалпы бизнес саласынан береке кетті. Қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай шұғыл экономикалық реформа керек Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ешқандай қауқары жоқ, оның үстіне салық жүйесіне де өзгеріс керек дейді. АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙ КӘСІПКЕР: «Қаншама кәсіпкерлер сот жүйесінде салық комитетінен жеңіліп қалды. Сіздер көмектесе алдыңыздар ма? Мен кәсіпкерлерді ойлап отырмын. Шындықты айтыңыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасын ешкім тыңдап жатқан жоқ». Еліміздегі кәсіпкерлердің 86 пайызы карантинге байланысты қаржылық қиындыққа тап болған. Оның ішінде 59 пайызы жалға алған нысанның ақысын төлей алмаса, 31 пайызы салыққа берешек қысты деп отыр. 50 пайыздан астамы жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберсе, 20 пайыздайы карантиннен кейінде қызметкерлерін кері жұмысқа ала алмаймыз деп қиналуда. Ақпарат: https://www.youtube.com/watch?v=i07dcK6lr9U