Сұмдық! Ричард және Элизабет Юляйн өздерінің өндірістік империясынан түскен кірісі арқылы елді өзгерткісі келеді
Сұмдық! Ричард және Элизабет Юляйн өздерінің өндірістік империясынан түскен кірісі арқылы елді өзгерткісі келеді
Америкалықтар әлем бойынша өте көп тауар жібереді, соның арқасында буып-түйіп қаптайтын материал жеткізушілердің жұмысы жүріп тұр, деп newsroom.kz хабарлайды forbes.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Ондай материал сатудан Schlitz сыра қайнату компаниясының негізін қалаушылардың бірінің мұрагері – 76 жастағы Ричард Юляйн мен оның 77 жастағы әйелі Элизабеттен асып түсетін ешкім жоқ. Оларға тиесілі қаптауыш материал өндіретін Uline компаниясы 1980 жылы екеудің үйіндегі жертөледе пайда болды. Бүгінгі таңда Висконсинде орналасқан бұл компания $6,1 млрд сатылым жасап, бас директорын да, президенті боп отыр-ған жұбайын да, әрқайсысын $4 млрд иелеріне айналдырып отыр.
Uline АҚШ-та онша танымал емес те шығар, бірақ Колумбия округінде бұл компания туралы білетіндер көп. 1990 жылдан бастап 2009 жылға дейін ерлі-зайыптылар Республикалық партияның пайдасына жылына орташа есеппен $15 000 көлемінде тұрақты түрде қайырымдылық жасап отырған. 2010 жылы Жоғарғы соттың Citizens United-тің федералды сайлау комиссиясына қарсы және осыған ұқсас бірнеше іс бойынша шешімдері саяси мақсаттарға жасалатын қайырымдылық мөлшерін шектеу бойынша бүкіл талпынысты жоққа шығарды. Содан бері Юляйн отбасы донаттардың көлемін тек көбейтумен келеді: соңғы есептердің бірі бойынша, осы уақытқа дейін олардың саяси мақсаттарға кеткен қайырымдылық сомасы $190 млн асқан. Бұл тегі Блумберг, Стейер немесе Адельсон емес кез-келген адамның жасаған қайырымдылығынан анағұрлым көп.
Соңғы сайлау циклі барысында Юляйндар түрлі мақсаттарға $70 млн астам қаражат жіберді. Дональд Трампты АҚШ президенті етіп қайта сайлауға $18 млн жұмсаған Restoration және Americas саяси іс-әрекет комитеттеріне шамамен $30 млн қайырымдылық көрсетілді. Миллиардер Джефф Ясстың сүйікті комитеті Club for Growth-ке тағы $27 млн бұйырды.
Юляйн отбасының саясатқа деген сүйіспеншілігі айқын, мұ-ны тіпті бизнесінен де байқауға болады: Uline өнімдерінің каталогынан-ақ көрініп тұр. Элизабет Юляйнның қораптары мен орама пленкаларының сипаттамалары арандатушылық сипаттағы сұрақтармен аралас: «Америка құлдырап бара ма? Қытай бақылауды өз қолына алды ма? Біз осы әл-ауқатты қолдау бағдарламаларына көп ақша жұмсап жүрген жоқпыз ба?» Қызметкерлеріне жазған хаттарының бірінде ол: «Сіз басқара алатын және жақсарта алатын нәрсе болса – ол сіздің отбасыңыз, үйіңіз, аулаңыз, жер бетіндегі кішкентай ғана бұрышыңыз», – деген болатын. «Бәрін өзгертуге шамаңыз жетпейді – әлемдік мәселелердің масштабы расымен де үлкен». Алайда, ақшаңыз жеткілікті болса, сіз кем дегенде тырысып көре аласыз.
Фото: Forbes.kz