Жаңалықтар

Сайлау – демократиялық өміріміздің көрінісі

Сайлау – демократиялық өміріміздің көрінісі

20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл - еліміздегі ең үлкен саяси оқиға. Сайлауға ұйымшылдықпен қатысу - әрбір азаматың парызы.

Саяси науқанға бейжай қарамай, өз дауысымыздың маңыздылығын ескеріп, бір кісідей қатысайық! Сіздің, оның және менің дауысым тек Президентті таңдамайды, ол Қазақстанның жаңаруы алдындағы бастамаға үлес қосатын үн болмақ. Мен сіздерді сайлауға қатысуға шақырамын. Тарихи кезеңге қатысып, өз таңдауымызды жасайық.

Шырынбек ОҢҒАРОВ,

Төлеби ауданы, Парасатты Қазақстан қоғамдық бірлестігінің төрағасы