Қазақстан туралы қызықты мәліметтер
Қазақстан туралы қызықты мәліметтер
Newsroom.kz Қазақстан туралы қызықты мәліметтер жинағын жариялайды Turkystan.kz дерккөздеріне сүйене отырып.
- Жылқылар ең алғаш қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.
- Медеу – әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны.
- Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.
- Жердің алғашқы жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.
- Қазақстан мен Ресей шекарасы – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым).
- Қазақстанда 1 шаршы км-ге 6 адамнан келеді. Ал Сингапурда 7437 адам.
- Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
- Қазақстанда 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар.
- Қазақстанда орыс тілінде 88, қазақ тілінде 83, ал аралас болып 32 газет шығады.
- Қазақстанның териториясына 5 Франция, немесе 3 Түркия, немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
- Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелдік 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
- Шай ішуден Қазақстан алғашқы орындарда келеді. Жылына әр адам басына 1,2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 гр.
- Мұнай өндіруденде 8 орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 миллиард тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз.
- Қазақстан табиғат қорларымен ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 бар, 70-нің қоры анықталған, 60 өндіріледі.
- Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін әр оқтың үшіншісі Қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған.
- Астық экспортынан Қазақстан лидерлердің бірі. Қазақстан жылына 40 елге астық экспорттайды.
- Қазақстан ТМД елдерінің арасында 2000 жылы бірінші болып Халықаралық Пұл Қорының (МВФ) барлық қарызынан құтылған.
- 1968 жылы ақпанның жиырмасы күні Қазақ ССР темір жолы салмағы 43,4 мың тонна, ал ұзындығы 6,5 шақырым болатын 440 вагонымен әлемдік рекордты жаңартқан.
- Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна).
- Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады.
- Екібастұздық ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы әлемдегі ең биік. Оның ұзындығы 420м.