Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жеті өңірде болды
Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жеті өңірде болды
Салтанат Тұрсынбекова өзін ел президенті лауазымына кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді, деп newsroom.kz хабарлайды.
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген 16 күнде жеті өңірде болды: Астанада, Қарағанды облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Қостанай облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді.
Штаб мәліметтеріне сәйкес, кандидат 7 өңірде 3000-нан аса тұрғынмен 16 кездесу өткізген.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.