Төрге отырған қыз рыздық шақырады
Төрге отырған қыз рыздық шақырады
Ертеде еліне сыйлы бір дана абыз қарт болған екен. Оның үш ұлы және жалғыз қызы болыпты. Қарт үнемі қызына құрмет көрсетіп, оған мүлде дауыс көтермейді екен. Қызыда әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Дастархан басында отырғанда қарт қызын, үнемі үш ұлынан жоғары төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлының көңіліне күдік салыпты қарындасымның жасы бізден кіші неге меннен жоғары отыруы керек, әкеміз бізді алалайды ау деп ойлайды. Бір күні дастарханда отырғанда ұлы:
- Әке қарындасым кіші болсада неге бізден жоғары отыруы керек ұлдың мәртебесі әрқашан биік емеспе дейді?
- Сонда қарт біздің ырыздық несібеміздің көп болуы қарындасыңа байланысты. Құт қызды жағалап жүреді оны босағаға отырғызсаң шамданады, төрге шығарсаң қуанады орны жайлы болса дастарханнан ас тағамды үзбейді тұрмысыңды түзейді қыз жыласа наласы қатты болады жолыңды болдырмайды. Үйіңнің берекесі кетеді қыз келсе қуанып қарсы ал риза қылып шығарып сал депті.
Содан бастап қарттың үш ұлы қарындасын төрге шығарып құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында қызыңды төрге отырғыз, қызды босағаға отырғызба қызыңды құрмет тұтып сыйла жылатпа деген талап, ырымдар содан шыққан екен. Әйелдеріңіз қыз туды деп ренжімеңіздер әпке қарындастарыңызды құрметтеп, сыйлап, көмек көрсете жүріңіздер. Жарыңызға сыйластықпен қарап, реніш налаңызды іште ұстаңыз отбасыңыздың берекесі осы қыздарда.
Дайындаған: Ділдақан Майра