Жаңалықтар

Тағдыршешті кезеңде қалыс қалмайық

Тағдыршешті кезеңде қалыс қалмайық

Алда Қазақстан Республикасының кезектес тыс Президент сайлауы күн санап жақындап келеді. Мен үшін бұл сайлаудың жауапкершілігі мен маңызы ерекше! Қазір кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары барлық өңірді қамтуда.

Жаңа саяси кезеңдер мен бетбұрыстарға бастайтын Жаңа Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі алдағы сайлау болмақ. Осы орайда, қоғамдық-саяси өмірімізге жаңа бастамалар әкелетін тағдыршешті кезеңде сіздер де қалыс қалмауларыңызды сұраймын! Сондай-ақ, әр қазақстандық саяси науқанға бейжай қарамай, белсенді болса, келешегімізге оң әсер беретін бастамалар сәтті жүзеге асатыны анық.

Үгіт-насихат жұмыстары кезінде Түркістан қаласының тұрғындары түгел дерлік Президент сайлауына қатысуға мүдделі екенін байқадым.

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды алда болатын сайлауда өз таңдауларыңызды жасап, ел тағдыры үшін әділ шешім қабылдауға шақырамын! Осы қарқынмен жалғасатын болса болашағымызға шырақ болатын, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттар жолындағы жарқын жеңістерге жететінімізге сенемін!

Нұрсұлтан ЖҮСІПБАЕВ,

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты