Түркістан облысында 202 мың шаршы метр тұрғын үй пайдануға берілген

27 Шілде, 2018 770 0

Түркістан облысында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 202 мың шаршы метрді құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі - 14,6 пайызды құрап, елімізде 2-орынды иемденіп отыр. Сондай-ақ, республикадағы өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша облыс 14-шы орынға тұрақтап, көрсеткіш 1,6 пайызды құраған.

«Түркістан облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6 ай қорытындысымен 147 млрд. 148 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артты. Оның ішінде мал шаруашылығы –– 128 млрд. 275 млн. теңге болып 4,7 пайызға өскен», - деді Айдар Ахметбекұлы.

Сонымен қатар, өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың 1 шілдесінде 126 975 бірлікті құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 2,7 пайызға жоғары болып отыр. Еліміз бойынша жұмыс істейтін субьектілердің 10,6 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының есебі бойынша, шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы - 52 млрд. 888 млн. теңгеге жеткен.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.