Жаңалықтар

Әділетті мемлекеттің бақыты – адалдық пен бірлікте

Әділетті мемлекеттің бақыты – адалдық пен бірлікте

20 қарашада елімізді саяси науқан күтіп тұр. Бұл тарихи сәт болмақ. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Жауапкершігі жоғары науқанда белсенділік таныту – Жаңа Қазақстанның жаңа көрінісіне үлес қосу.

Мен бұл сайлаудың өтетініне шын жүректен қуандым. Себебі, Қазақстанда жаңа өзгерістер орын алуда. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағын танытатын сәт келді. Сайлау – демократияны күшейтудің, басқару жүйесін жетілдірудің көрінісі. Сайлауға қатысу - елім, жерім деген әр азаматтың міндеті. Халқымыздың тұтастығы мен бірлігін нығайтуда Президентті дұрыс таңдай білу өте маңызды шешім. Сіздің дауысыңыз – ел ертеңі үшін маңызды. Дұрыс таңдау жаау – кемел келешекке жол.

Сайлау өз дәрежесінде іске асу үшін әрине бірлік керек. Еліміздің әрбір жауапты азаматы осы кезеңде адал қызмет етуі тиіс. Өркениетті ел болу үшін бұл науқанға бейжай қарамай, өз үлесімізді қосайық. Барша қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырамын!

Бегзат ХАБИБОВ,

Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы