Жұмысын жандандырған ұйымдар мен мекемелер карантиндік шараларды сақтауы тиіс, олардың қызметі күн сайын бақыланып отырады.
18 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар нысан ашылды. Қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханалар, балабақшалар және мешіттер қызметін қайта бастады. Десе де, оларға бірқатар санитарлық талапты сақтауға тура келеді.
Мешіттер кешкі сегізге дейін ғана ашық
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дүйсенбіден бастап бүкіл мешіт ашылмайтынын ескертті. Облыстарда мешіттер коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес ашылады. Мешітте санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға рұқсат етіледі. Қазақстан мұсылмандары мына талаптарды орындауы тиіс:- мешітке маска және қолғап киіп келу;
- антисептик қолдану;
- жеке құлшылық кезінде 1,5 метр ара қашықтықты сақтау;
- Құран оқитын бөлмеге 1,5 метр ара қашықтықты сақтай отырып, он адамнан артық кірмеу;
- неке қидыратын бөлмеге төрт адамнан артық кірмеу.