Жаңалықтар

Сындарлы сәтте бірлігіміз ауадай қажет

Елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

Ұлы Абайдың сөзіне қай кезде де құлақ түргеніміз жөн. Дана бабамыз Абай қырық үшінші қара сөзінде: «Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс» деп айтады.

Алда келе жатқан сайлауда әрбіріңіздің дауысыңыз маңызды. Қазақта “Қосылғанның - қолы ұзын, Қос керуеннің - жолы ұзын”, - деп бекер айтылмаған.

Абайдың насихаты, бізге беріп отырған ақыл-кеңесіне жүгінетін болсақ, сындарлы сәтте бірлігіміз ауадай қажет.

Осы орайда, баршаңызды сайлауға белсене қатысуға шақырамын. Еліміздегі өзгерістерді бірге жасайық!

Насиба АТАЕВА,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Яссы Құрылыс" ЖШС директоры