Жаңалықтар

Сайлау халқымызды биік мақсаттарға жұмылдырады

Сайлау халқымызды биік мақсаттарға жұмылдырады

Алда өтетін Президент сайлауының еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғыртудың тетігі ретінде маңызы зор. Бүгінде көршілес мемлекеттерде қақтығыстар өршіп тұрған кезде, еліміздегі ең маңызды мәселе тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау екенін айқын түсінеміз.

Халық сайлауды жұмыла қолдай отырып, ертеңгі күнге деген сенімділікті, жарқын болашақты қамтамасыз ететініне шүбәсіз сену қажет. Сондай-ақ Президенттің Конституциялық реформа нәтижесінде өз өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болмағаны да сайлаудың ашық және сенімді өтетініне үміт арттырады.

Қазіргі таңда сайлау науқаны қызу өтіп жатқанын көріп отырмыз. Президенттікке тіркелген үміткерлер аса белсенділік танытып, өңірлерді аралап, халықтың хал-жағдайымен танысуда.  Кез келген дамыған қоғам үшін Президент сайлауы - айтулы шара. Бұл - елді біріктіретін, жаңа Қазақстан құратын, жаңашылдыққа бастайтын қадам. Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет болуды аңсайтын халық енді өз таңдауын жасайды.

Десе де, ел арасында соңғы жаңалықтардан, оқиғалардан байқағанымыздай, сайлауға деген көзқарас өзгеруде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ендеше, осы бейбіт күніміз, ашық аспанымыз, тұрақты мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін дауыс берейік. Біздің әрқайсымыз Қазақстан атты үлкен отбасының бір-бір мүшесіміз. Сондықтан, жоғарыда айтып өткендей, айтулы шарадан қалыс қалмайық. Президент сайлауына бір кісідей қатысайық!

Лиза ШӘМЕТ,

Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры