"Бақытты болыңыз": Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шықты

"Бақытты болыңыз": Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шықты

ашық дереккөзі

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында кезекті фотосын жариялап, жаңалығымен бөліскен. Бұған дейін желідегілер өнер иесінің жақында екінші рет тұрмысқа шығатынын болжаған болатын, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Танымал әнші қалың көрерменді желідегі соңғы жазбаларымен ғана емес, жеке парақшасындағы өзгерістерімен де таңғалдырған. Әнші Instagram-дағы бұған дейінгі барлық суреттерін өшіріп тастаған. Өнер иесін бұл қадамдарға не итермелегені белгісіз. Желі қолдануылары бұл жайттардың астарында не бар екенін біле алмай әлек болған. Алайда бұл жұмбақтың шешімін жұлдыз өзі айтып бергенге ұқсайды. "Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!",– делінген жазбада. Бұл жазбаны оқып, таңырқаған тыңдармандар жарыса пікір жазуға кірісіп кетті. Оқырмандар тілектерін жаудырып, жарысы жазып жатыр. "Орамалыңыз құтты болсын!", "Бақытты болыңыздар!", "Әйел бақытын тілеймін", "Ұзағынан болсын",– деген ақжарма тілек-ниеттерін білдіруде.  Еске сала кетсек, бұған дейін сүйікті әртісінің парақшасын жіті тексерген оқырмандар соңғы фотосанын сақина тағып алғанын байқап қалған. Әуелбекованың жанкүйерлері ол сүйіктісімен отбасын құрғалы жатыр деп топшылаған болатын.

Жүктелуде...