Ұлттық музейде ұлытаулық фотографтың көрмесі өтті

04 Желтоқсан, 2019 273 0

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының  Ұлттық музейінде  Qazag Geography республикалық қоғамдық  бірлестігінің V Съезі өткен болатын. Съезд жұмысына өңірлік өкілдіктерден жиналған делегаттар белсене қатысты.

«Съезд аясында Қарағанды облысы, Ұлытау ұлттық  тарихи-мәдени  және табиғи музей қорығы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу мен экотуризмді дамыту мақсатында фотокөрме ұйымдастырды. Фотокөрмені  4 мыңнан астам адам тамашалады. Біздің  фотографымыз  Дмитрий Ругистің «Қазақстандықтар» атты көрмесіндегі  еңбектері көпшілікті  тәнті  еткені  сөзсіз», -дейді съезге қатысқан Ұлытау ұлттық  тарихи-мәдени және табиғи музей қорығының  директоры Бақтияр Қожахметов.

Айта кетейік, Дмитрий Ругис фотоөнерімен көп жылдардан бері айналысып келеді. Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Оның фотолары көбінесе даланың кеңдігін, ауыл адамдарының шынайы болмыс бітімін, көңіл дархандығын паш етеді.


Тегтер: Нұр-Сұлтан, Ұлттықмузей, фотограф, көрме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.