Түркістан: Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған
Түркістан: Мүгедек жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған
Бүгінде Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны - 60 510, деп newsroom.kz хабарлайды.
Оның ішінде тірек-қимыл аппараты мүгедектері, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер саны - 10 595.
Бұл орайда, барлық 893 тұрғылықты мекен-жайлар бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған.
Дауыс беретін орындар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырылған, пандустар орнатылған, тактильді сілтеуіштер, жолақтар төселген.
Сондай-ақ, әрбір сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі