Шымкенттік әйел үстіне бензин шашып, өзін-өзі өртеді

04 Желтоқсан, 2019 258 0

Шымкент қаласының ауруханасына денесінің 80%-ын күйік шалған 1988 жылғы әйел түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Тассай шағын ауданында Юсуф Самери көшесінде 31 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел адам өзіне бензин шашып, өртеп жіберген.

Денесінің 80%-ын күйік шалған әйел, Шымкент қаласы орталық ауруханасына жеткізілген. Болжам бойынша, әйел мұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалғаннан барған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тегтер: Шымкент, бензин, аурухана, әйел

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.