Бостандық ауданындағы шаруалар көтерілісі құрбандарын анықтау: барысы жəне туындаған мəселелер
Бостандық ауданындағы шаруалар көтерілісі құрбандарын анықтау: барысы жəне туындаған мəселелер
Бостандық ауданы Сырдария округының ең шалғайдағы, әрі толықтай кеңестендірілмеген ауданы болатын. Бостандық - Ташкент облысының солтүстік-шығысындағы аудан. Солтүстігінде Қаржан тауы арқылы Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт ауданымен, шығысында Қырғызстанның Талас облысымен шектеседі.
Ауданның халқы бес ұлттан құралды: қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз және аз санды европалықтар. Негізгі халқы - өзбек пен тәжіктер болатын.
Бостандық ауданы 1956 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан облысы.) облысының әкімшілік құрамына қарап келген. 1956 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының «Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-інің арасындағы шекараларына жекелеген өзгеріс-тер енгізу туралы» Қаулысымен Бостандық ауданы түгелімен Қазақ КСР-і құрамынан Өзбек КСР-і құрамына берілген.
Бостандық ауданындағы шаруалар көтерілісінің себептері:
- Біріншіден, ауылшарушылығы есебінен индустрияландыру қарқынын жеделдету өнеркәсіп товарларының қымбаттап, керісінше, ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендеуінен шаруалар астық тапсырудан бас тартты. Нәтижесінде 1927/1928 жылы астық дайындау көлемі алдыңғы жылғы астық дайындаудан төмен болды.
- Екіншіден, 1927 жылдың 29 желтоқсанында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің жабық мәжілісінде кабылданған «Астық дайындауды күшейту туралы» қаулысы, Өлкелік партия комитетінің 1928 жылғы 7 қаңтарындағы «Астық дайындаудың барысы туралы» қаулысы шешімдеріне сәйкес: Астық дайындауды жеделдету және ақша түсіру мақсатында салықтың барлық түрлерін: ауыл шаруашылығы салығы, өзіне-өзі міндетті салық (самообложение.) т.б. несие мемлекеттік қамсыздандыру, серіктестіктердің пай төлемдерін тез арада жинап алу қажет болса кей жағдайларда күш қолдануға рұқсат берілді;
- Үшіншіден, 1928 жылдың 11 сәуірінде БК(б)П мен БОАК-нің біріккен пленумында «1929-1930 жылдардағы астық дайындау науқаны туралы» қаулының негізінде шаруалардың астығын мемлекеттік төмен бағамен алуға, ал, көнбеген жағдайда әкімшілік немесе сот арқылы тартып алуға үкімет уәкілдеріне билік берілді.
- Акулов Мулла Джамал 48 жаста, тәжік, дихан.
- Султанов Мансур 51 жаста, тәжік, имам
- Ша-Азимов Ша-Акпар 58 жаста, тәжік, дихан.
- Адинаев Абдукагар 70 жаста, тәжік, дихан.
- Мусабаев Наджметдин 37 жаста, тәжік.
- Қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтауға тікелей қатысты материалдар Өзбекстан мұрағаттарында көптеп кездеседі. Алайда, он жылдан асты Қазақстан азаматтарының Өзбекстан мұрағаттарына кіруіне тиым салынған. Осы проблеманы қазіргі екі ел арасындағы байланыстың қайта жаңғыру жағдайында үкімет немесе мемлекет деңгейінде шешіп берілсе деген ұсынысымыз бар.
- Архив қорларындағы жергілікті көптеген аса құнды материалдар төте, яғни араб қарпімен жазылған. Зерттеушілердің ол жазуды (әрі қолмен жазылған) білмегендіктен аталған материалдар зерттеу нысанынан тыс қалып жатқан жайы бар. Біз бұл мәселені Қытайдан келген қандас-студенттеріміз арқылы шешудеміз.