Тарихи мағыналы өзгерістер дамуға алып келеді
Тарихи мағыналы өзгерістер дамуға алып келеді
Елімізде өткен референдум қоғамның саяси жүйеде жаңа өзгерістерді қажет ететінін, сұранысын айқындады.
Негізі мемлекет мықты болу үшін мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты азайту керектігін сарапшылар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Шешу тетіктері де белгілі. Ол қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайту. Әсіресе жұртшылыққа ұнамайтыны тамыр-таныстық мәселесінің белең алуы. Тамыр-таныстық түбегейлі толығымен жойылған кезде ғана сыбайлас жемқорлықтың да тамырына балта шабылары сөзсіз. Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының жоғары деңгейде орындалуына септігі тиеді.Ұлытауда ірі мәселелерді ел болып ақылдасып шешу үшін Ұлттық құрылтайдың құрылуы соның айғағы.Өткенді саралап қарасақ көптеген қиындықтар халықтың басынан өткен. Соңғы уақытта барлық салаларда реформалар жүруде, нәтижесі көз қуантады. Ата заңға өзгерістер енгеннен кейін конституциялық заңдарға да өзгерістер ене бастады.Сот саласын реформалау, әділ билікті қамтамасыз етуге қатысты нақты жұмыстар атқарылуда. Халыққа керегі әділ саясат екені айдан анық болды. Мемлекеттің мақсаты -азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту десек, осы мақсатты орындау барлық азаматтардың адал еңбек етуі алғы шарт.Осы тұста мемлекеттік аппарат пен азаматтық қоғамның қажыр-қайраты үндестік тауып, отаншылдық қасиетімізді ширатуымыз аса маңызды. Заңның үстемдігін мойындауға бүкіл халқымыз міндетті. Қазақта бала туылған соң тәй-тәйлап жүре бастаған шағында мойнына тұмар тағып жаман нәрседен сақтасын деген әдет-ғұрып болған. Әдетте баланың мойнына ұзақ тағылып исі сіңген тұмарды бойтұмар деп атайды.Бойтұмарды қастерлеген, жазатайым мойыннан шешіп қойғанда, қол жетпейтін биіктеу жерге қастерлеп ақ шүберекке орап сақтаған. Қазақтың басына біткен бойтұмары ол қолымыз жеткен тәуелсіздік. Бойтұмарды қалай қадірлесек Тәуелсіздігімізді де дәл солай аялайық. Бүкіл рухани құндылықтарымыздың өміршең болуы Тәуелсіздіктің өміршеңдігіне, нығаюына әбден байланысты, жұбы жазылмай қатар өрілген алашаның желісі мен арқауындай дүние. Осындай ауқымды істерді, мерзімді стратегиялық межелерді іске асыру үшін белгілі бір уақыт, оны орындаудың тізгінін ұстайтын мықты, ел қамын ойлайтын, кез-келген қиындықтан суырылып шыға алатын танымал тұлға мемлекет басшысы қажет. 20 қарашада тыс елімізде кезектен тыс ҚР Президент сайлауы өтпекші. Соңғы жылдардағы сайлау жүйесіне бұрылып қарап,талдап қарасақ, бұрынғыға қарағанда азаматтар арасында немқұрайлылық жоқ. Демек, елімізде сайлау мәдениеті әлдеқайда қалыптасып келеді. Ашықтық, әділдік деген ұғымдар көптің санасына енген. Бұл жасалып жатқан реформалардың дәйектілігі, ел сеніміне ие болудың белгісі, реформалардың тиімді әрі табысты болуының көрінісі. Әсіресе халыққа ұнайтыны қоғамның барлық топтарына бірдей көзқарас, тепе-теңдік саясаты. Президенттің өкілеттігі кезінде ешқандай партияға мүше болмауы , туыстарының саяси лауазымдарда болмауы. Сондай-ақ, аралас сайлау жүйесінің енгізілуі барлық азаматтарға өздерінің сайлану құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, Президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет сайлануы бастаған реформалардың нәтижелі аяқталуына үлкен әсері болатыны сөзсіз. Жалпы елімізде сайлау мәдениетін салыстырмалы түрде бағамдасақ жуырда құрылған Халықтық коалициядан-ақ байқауға болады . Бірнеше саяси партия, отызға жуық қоғамдық ұйымдар ортақ мақсат аясында топтасып, бәріне ортақ бір ғана кандидатты ҚР Президенттігіне үміткерлікке ұсынды. Бұл топтасу ел дамуы үшін, мемлекеттің өркендеуі үшін, тәуелсіздіктің тамырының тереңдеуі үшін ортақ шешім болды. Шешім көпшіліктің көңілінен шықты.Бірлесіп еңбек еткенде ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптасып, экономика дамып, саяси жүйе жаңғырады. Ой бірігуі азаматтардың құлашын алысқа сермеп, құлшыныс, қуат болашаққа деген сенім береді. Саяси партиялардың бір мақсатқа жету үшін коалиция құруы шет мемлекеттерде бар үрдіс. Жақтаушылардың санын көбейтуге әрі сайлауда жеңіске жетуге жасалған тиімді қадамдар болып саналады. Бірлесу бірлікке, берекелі тірлікке бастайды. Ең бастысы жүрекке ұялаған патриоттық сезімнің тереңде жатуы, ойдың тұрақтылығы , әр азаматтың бойында табандылықтың қалыптасуына алып келетіні сөзсіз.Алыс жақын шет елдерде геосаяси жағдай тұрақсыз болып жатқан сәтте азаматтық қоғамның бір мақсатқа бірігуі- ынтымаққа тұрақтылыққа жетелейді. Азаматтардың бір мақсатқа топтасуы- елдің тізгінін ұстайтын тұлғаға деген нық сенімін білдіреді.
Қалыйма Жантөреева
Түркістан облыстық мəслихатының депутаты,
Түркістан облысының Құрметті азаматы