Ер адам қалыңдығынан 90 млн алып, қашып кеткен

03 Желтоқсан, 2019 187 0

Полицияның ақпаратына сәйкес, екеуі әлеуметтік желі арқылы танысқан.

Жігіт жоғары лауазымды қызметте екенін айтқан, деп жазады КТК телеарнасы.

Ресейде полиция үйленемін деп алдап, қалыңдығынан 15 миллион рубль (90 млн теңгеге жуық) алған жігітті ұстады. Күдікті 2015 жылы дәл осындай қылмысы үшін сотталған екен. Бес жылға бас бостандығынан айрылған алаяқ жақында ғана түрмеден шығыпты. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, екеуі әлеуметтік желі арқылы танысқан. 

Жігіт жоғары лауазымды қызметте екенін айтқан. Ата-анасы да ақшадан қысылмайтынын жеткізіп, қызға ұсыныс жасаған. Бірақ туыстары қалыңдықтың та материалдық жағдайы жақсы екеніне көз жеткізуі тиіс депті. Осыны сылтауратып жігіт әйелді 15 миллион рубль жіберуге көндірген. Ақшаны кейін қайтаруға уәде беріпті. Ақша есепшотқа түскен соң жігіт те ізім-ғайып жоғалып кетті.

Тегтер: күйеу, қалыңдықотбасы, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.