Әйелдер неге жылайды?

03 Желтоқсан, 2019 178 0

Анасынан ұлы келіп сұрапты:

-Сен неге жылайсың?

-Себебі, мен әйелмін…

-Түсінген жоқпын, – деді баласы.

Анасы ұлын құшағына қысып, басын сипады да:

-Сен оны ешуақытта түсінбейсің…- деп тіл қатты

Сосын ұлы жүгіре басып, әкесіне мұңая сұрақ қойды:

-Неліктен анам кей кезде себепсіз жылайды?

Әкесі бар болғаны, мына жауапты берді:

-Барлық әйелдер кейде себепсізден себепсіз жылайды…

Бала ересек тартып, жігіт болған шағында осы сұраққа таңдануын қоймады

Неге әйелдер жылайды?

Ақыры мұны ол өмірде көпті көрген қариядан сұрапты. Қария:

-Жаратушы әйелді табиғи шынайы етіп жаратқан. Бүкіл әлемді ұстап тұру үшін оның иығын мықты етіп және құрсағындағы сәбиін сүю үшін сондай нәзік етіп қойған екен… Тууды, әр ауыртпалықты көтеру үшін қайрат берген.

Басқалар құлдилап құрып бара жатқанда, қаймықпай алға ұмтылсын деп, сонша ерік-жігер берген… Ол еш аянбастан көңілі құлазығандарға, сырқаттарға, өзін жоғалтқандарға қамқор бола алады.

Жаратушы оған қандай жағдайда болсын, өз баласы өзекке тепсе де перзентін сүйе білетін мейірім берген.

Жаратушы оған ерінің бар мінін біле тұра, қолдау білдіре алатын күш берген. Әйел ерінің жүрегін қорғап тұру үшін оны соның қабырғасынан жаратқан.

Жақсы ер ешқашан әйелін қамықтыра алмайтынын ұғып, сезіне алатын ақыл берген.

Ең соңында Жаратушы оған көздің жасын берген… Көзінің жасын қашан, қай жерде төгемін десе, ол өзінің хақы

Сен ұғын, әйелдің сұлулығы келбеті мен мүсінінде емес, оның жанарында.

Оның жанары жүрегіне алып барады.

Оның жүрегінде махаббат мекен етеді





Тегтер: Әйел, махаббат, жылау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.