Жаңалықтар

«Сендер – саяси ойыншысыңдар»: шетелдегі оппозиционер мен Ахметбек Нұрсила дебатқа шықты

«Сендер – саяси ойыншысыңдар»: шетелдегі оппозиционер мен Ахметбек Нұрсила дебатқа шықты

Бір жарым сағатқа жуық жалғасқан эмоцияға толы сөзжарыстың соңында Ахметбек Нұрсила дебатты аяқтауға мәжбүр болғанын айтып, эфирден кетіп қалды. Кеше кешкі сағат 20:00-де YouTube әлеуметтік желісінде тікелей эфирде «Сен» партиясын құрушы Ахметбек Нұрсила мен Италиядағы оппозиционер Ержан Тургумбай арасында саяси дебат өтті,- деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат  агенттігіне сілтеме жасап. Эмоцияға толы өткен дебат барысында Ержан Тургумбай «сендер – саяси ойыншысыңдар» деген ойына табанды болса, Ахметбек Нұрсила «Шетелде жатып, халықты арандатпай, елге келіп, халықпен бірге күресіңдер» деген көзқарасын көрсетті. Саяси дебат кезінде Ержан Тургумбай 2017 жылдан бері саясатқа келгенін, саяси тартыста 2 жылдай тәжірибесі бар екенін айтып, Ахметбек Нұрсиладан саясаттан қаншалықты білімі барлығы, биліктің тармақтары туралы сұрақтар қойды. Ал Ахметбек Нұрсила: «2001-2002 жылдары Рахат Әлиев елді бүлдіріп жатқанда, митингіге шығып, мінберде сөйлеген біз болатынбыз. Менің досым Төлен Тоқтасынов президентке күйеу балаң елді тонап жатыр дегенде, депутаттар журналистерге интервью бере алмай, кабинеттеріне тығылып қалған», - деп, сол кезде қамалған достары Ғалымжан Жақиянов пен Лукин Александрға пикет ұйымдастырғанын айтты. Дайындап келген сұрақтарын Нұрсилаға бір-бірлеп қойған Ержан Тургумбай жаңа партия құрған кәсіпкердің экономикалық, саяси қабілеттеріне ғана емес, халық үшін қызмет көрсететініне күмән келтіретінін жеткізді. Бір жарым сағатқа жуық жалғасқан эмоцияға толы сөзжарыстың соңында Ахметбек Нұрсила дебатты аяқтауға мәжбүр болғанын айтып, эфирден кетіп қалды.