Танымал әнші Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды
Танымал әнші Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды
Қазақстан эстрадасының танымал әншісі Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озды.
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.
Инстаграм әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Айнұр Тұрсынбпева т.б жұлдыздар қауымы Қарақат Әбілдинаның отбасына қайғыра көңіл айтуда.
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қоштасу жазбасымен оқырмандарды жылатты.
Қош, қош, апа, мәңгілік сапарына
Қыздарыңның қосушы ең қатарына
Қасиетті бұл айда қақпасы ашық
Жаның кірсін жұмақтың шаһарына
_____________
Ай, жұлдызға жазылып енді есімің
Мәңгілікке тербейді жер бесігің
Дұғадағы қол жайған өзің үшін
Сенің қызың, Алланың пендесімін
_______________
Нұр Рамазан, мені осы сөз уатқан
Осы айда алар пендесін өзі ұнатқан
Жаны болсын жұмақтан анамыздың
Табанында жұмақтың өзі жатқан
_____________________
Өз анамдай, апатай, бағалысың,
Қас-қағымда қайғыртты хабары шын
Он алтыңның жартысы шетінеген
Әлдилеуге соларды барамысың?
______________________
Ақкөңілім, апатай, аңқылдаған
Өнегелі сөзіңді сан тыңдағам
Қыз-ұлым деп бөлеген бәрімізді
Мейірімің бір сәтке сарқылмаған
_________________________
Тектілігің бейне бір бағзы Бегім,
Ұрпағың мен жасайды тағзым елің.
Алла алдыңнан жарылқап, саламат бол
Қош, қош апам, қимасым, ақ жүрегім."