Танымал әнші Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды

Танымал әнші Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды

ашық дереккөзі

Қазақстан эстрадасының танымал әншісі Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озды.

Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі  Caravan.kz  медиа-порталына сілтеме жасап.  Инстаграм әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Айнұр Тұрсынбпева т.б жұлдыздар қауымы Қарақат Әбілдинаның отбасына қайғыра көңіл айтуда. Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қоштасу жазбасымен оқырмандарды жылатты.
"Қаламқас апамыз тек Қарақаттың емес бәріміздің анамыз еді.. Қандай кеш, концерт жасасақ та артынып-тартынып бірінші келетін. Бүгін апамыз мәңгілік мекеніне қайтты деп естіп бір жылап алдым.. Бұл кісіні танитын адамдар апамыздың көркем мінезін, аңқылдақ ақ жүрегін тамсанып айтып жүретін еді.. Соңғы көргенімді ақ батасын беріп "шошаңдап жүре бермей азаматыңды тап, елдің сөзін тыңдама, жасым 70-ке келсе де шалымды аңсап жалғызсыраймын" деп еді.. Міне, шалының артынан өзі де кетті..😭 Біз де кетеміз.. Өмір жалған деген осы.. Тал бесіктен шыққан апамыздың арқасы қасиетті айда жер бесікке бөленгені де Алланын мейірімі.. Жаны жаннаттан болсын! Қыдеке, Қақат! Біз сіздермен біргеміз,Алла сабыр берсін! Жаңарқаның жұртына қайғырып көңіл айтамын..🤲🏽
Қош, қош, апа, мәңгілік сапарына Қыздарыңның қосушы ең қатарына Қасиетті бұл айда қақпасы ашық Жаның кірсін жұмақтың шаһарына _____________ Ай, жұлдызға жазылып енді есімің Мәңгілікке тербейді жер бесігің Дұғадағы қол жайған өзің үшін Сенің қызың, Алланың пендесімін _______________ Нұр Рамазан, мені осы сөз уатқан Осы айда алар пендесін өзі ұнатқан Жаны болсын жұмақтан анамыздың Табанында жұмақтың өзі жатқан _____________________ Өз анамдай, апатай, бағалысың, Қас-қағымда қайғыртты хабары шын Он алтыңның жартысы шетінеген Әлдилеуге соларды барамысың? ______________________ Ақкөңілім, апатай, аңқылдаған Өнегелі сөзіңді сан тыңдағам Қыз-ұлым деп бөлеген бәрімізді Мейірімің бір сәтке сарқылмаған _________________________ Тектілігің бейне бір бағзы Бегім, Ұрпағың мен жасайды тағзым елің. Алла алдыңнан жарылқап, саламат бол Қош, қош апам, қимасым, ақ жүрегім."

Жүктелуде...