18 Мамыр елде және әлемде болған оқиғалар

18 Мамыр елде және әлемде болған оқиғалар

ашық дереккөзі

Халықаралық мұражай күні. 1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде атап өтіледі. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 150 мұражай бар. Түрікменстандағы өрлеу және бірлік күні. 1992 жылы мамырдың 18-інде тәуелсіз Түрікменстан Конституциясы қабылданды. 75 жыл бұрын (1945) Қостанай облысында топографиялық-геодезиялық қызмет ұйымдастырылды. 21 жыл бұрын (1999) Кентау қаласында композитор Сейдолла Бәйтереков атындағы Халықаралық «Әлия» ән фестивалі өтті. 19 жыл бұрын (2001) Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өз жұмысын бастады. 14 жыл бұрын (2006) Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға туралы «Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге» атты жаңа кітап жарық көрді. 28 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапар жасады.

Жүктелуде...