Жаңалықтар

Президенттікке бір рет қана сайлану - демократиялық зор қадам

Президенттікке бір рет қана сайлану - демократиялық зор қадам

Биыл 20 қарашада елімізде үлкен саяси науқан өтеді. Біз өз Президентімізді сайлаймыз. Баршамызға мәлім Президентімізді бір рет қана, жеті жылға сайлаймыз. Бұл жаңа экономикалық реформаларға серпіліс беретіні сөзсіз.

Президенттің бір рет сайлануы – ол биліктің узурпацияға ұшырамауына нақты тосқауыл. Себебі, алдағы жеті жыл – жоспарланған реформаларды іске асыруға жеткілікті мерзім, бұл демократиялық алға басудың айқын қадамы.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деді.

Біз Әділетті Қазақстанды құруымыз керек. Яғни адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін формуласын іске асыруымыз қажет. Ол үшін оңтайлы шешімдерді, бастамаларды іске асыруға үлес қосу - әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы. Алдағы сайлаудан көп үміт күтеміз. Ең бастысы әрбіріміз сайлау күні, жарқын болашақ үшін өз таңдауымызды жасайық.

Нұрбахыт ИМАНҚҰЛОВ,

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы