19 жастағы футболшы төбелесте қайтыс болды

19 жастағы футболшы төбелесте қайтыс болды

ашық дереккөзі

Лондонда «Харлоу Таун» клубының ойыншысы Франсуа Каблан төбелесте қайтыс болды. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды. Полиция 4 адамды тұтқындаған. Олардың ішіндегі ең ересегінің жасы – 20-да. Оның үшеуі ер адам, біреуі әйел адам. Екі күдікті кепілмен үйлеріне жіберілген. Футбол клубының қосымша командасының жаттықтырушысы Адам Коннолидің сөзінше Франсуа жақсы ойыншы болған. Көптеген ойыншыларымыз колледжде онымен бірге оқыды. Бұл хабарды есту бізге оңай соқпады – деді бапкер. 2019 жылдың 19 шілдесінде мексикалық «Дорадос де Синалоа» Мирша Франсиско Эррера Гастелумды да көшеде белгісіз біреулер жүрегіне пышақ салып өлтіріп кеткен еді.

Жүктелуде...