«500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы»: Депутат болған Нұрлан Әлімжан айлығы мен жеңілдіктер туралы айтты

03 Желтоқсан, 2019 200 0

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдап, небары 29 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған Нұрлан Әлімжан бүгінгі қызметі туралы айтты. Ол депатат болуға ешуақытта ұмтылмағанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.

«Қызметке жақын жерде депутаттардың үйі бар. Бірақ ол мәңгілік үй емес. Кейбір жұрттар «Үйге қарқ болды, байып кетті» деп шатасуы мүмкін. Бірақ ондай байып кететін нәрсе емес. Кәдімгі қызмет бұл да. Мысалы, әскери қызмет сияқты. Мен бес айға депутат болдым ба, онда сол айда ғана тұра аламын. Қызметті босатқан соң, мынаны шешеміз. Ол мемлекеттікі», – дейді Нұрлан Әлімжан.

Әңгіме арасында ол депутат болуға еш ұмтылмағанын да тілге тиек етті. Ол «Бақ шаба ма, бап шаба» деген сөзді мысалға келтірді. Ал депутат қызметіндегі алатын айлығы 500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы екен. 

«500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы ғой. Бұрын мемлекеттік қызметте істемегенмін. Сондықтан да ол да әсер етеді. Бұл жерге мен айлық үшін келмедім. Несін жасырайын, депутат болмай тұрған кезде бір жерде «әу» деп ән айтып, асаба болып бір күнде алатын айлық. Ал бұл жаңа лауазым, жаңа белес. Осының да дәмін татайық. Мендегі осы қызмет арқылы ұлтыма не қызмет көрсете аламын деген мақсат», – дейді бұрынғы актер. 


Тегтер: НұрланӘлімжан, депутат, жалақы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.