Қазақстанда 2020 жылы кімдер салықтан босатылатыны жайлы айтылды

03 Желтоқсан, 2019 209 0

Премьер министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан босатылатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz 

"2020 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан 3 жылға босатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделінетін тауар өндірушілер, ойын бизнесі және сыртқы экономикаға қатысушыларға бұл жеңілдіктер жүрмейді", - деді қаржы министрі. 

Сөзінше, орта және шағын кәсіп ұйымдарын тексеруге 3 жылға мораторий жарияланатын көрінеді. Дегенмен министр бұл жағдай кәсіпкерлердің кедендік, салықтық комиссия және қылмыстық іске байланысты тексерістерден босатылады деген сөз емес екендігін қосты.  

Әлихан Смайылов шағын және орта кәсіп өкілдерінің онлайн төлемдерді атқаратын кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды іске қоса отырып, кіріс пен шығыс туралы салықтық есеп беру отырулары қажет деп ескертті. 


Тегтер: Қазақстан, салық, бизнес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.