"Қызылорда-Құмкөл" тасжолында автобус аударылды: 8 адам көз жұмды

03 Желтоқсан, 2019 194 0

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz 

Жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 5:25 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алыпты. Көктайғақтың салдарынан автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған, салдарынан көлік тайғанап барып аударылып кетіпті. Оқиға болған кезде автобус ішінде 50 адам отырған. 

"Жол апаты Қызылордадан 85 км қашықтықта болды. Қазіргі таңда жарақаттанған 35 адамның ішінде 8 жолаушы көз жұмған. Құтқарушылар өз жұмыстарын жалғастыруда", - деп айтылған төтенше қызметтің мәлімдемесінде.

"Жол-көлік оқиғасының себебі ретінде көлік қозғалысының бұзылуы мен көктайғақ болуы мүмкін. Соталды тексеріс ісі басталып кетті. ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 тармағы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда арнайы сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қызылорда облысының ПД-нің баспасөз қызметі. 

Тегтер: Қызылорда, жолапаты, автобус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.