Росарио қаласында Қазақстан туы тігіледі

01 Желтоқсан, 2019 179 0

Алматы мен аргентиналық Росарио қаласының арасында бауырластық қарым-қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылды. 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев видеоконференция барысында бауырластық қатынастардың қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңыздылығын атап өтіп, жыл сайын еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай Росариодағы Аргентина Мемлекеттік Туы мемориалында Қазақстанның Мемлекеттік Туын көтерілетіні үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Росарио қаласының басшысы Моника Фейн бауырластық қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға серпін беретініне сенім білдірді. 

Тараптар достық сапарлар ұйымдастыруды қоса алғанда бауырластық қатынастарды нығайту бойынша ұсыныстармен алмасты.

Бірінші рет қазақстандық қала Латын Америкасы мегаполисімен бауырластық қатынастар орнатып отыр.

Тегтер: Росарио, меморандум, Қазақстан, ту

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.