Әкелері екі бөлек егіздерді өмірге әкелген әйел

Әкелері екі бөлек егіздерді өмірге әкелген әйел

ашық дереккөзі

 width= Қытайлық әйел күйеуінің көзіне шөп салып, екі бөлек еркектен егіз баланы босанған. Бұны өмірге келгенде, міндетті түрде тексеруден өткізілетін ДНҚ сараптамасынан соң анықтаған. Бұл туралы Daily Mail сайты жариялаған. Сараптама қорытындысы анықтағандай, әйелі өзге біреуден жүкті болып қалған. Бұндай егіздердің өмірге келуі сирек өте орын алатын жағдай. Пекиннің Чжунчжэн сот идентификациялау орталығының директоры Дэн Яцзюньнің айтуынша, 10 миллионнан бір рет орын алуы мүмкін. "Ол үшін әйел екі еркекпен өте қысқа уақыт аралығында жыныстық қатынасқа түсуі керек. Бұл суперфекундикация деп аталады",- деп түсіндірген. Суперфекундикация адамдардың арасында сирек кездесетін жайт. Бұл жануарлардың арасында жиі болады. Олар сиыр, мысық, ит және кеміргіштерде кездесетін құбылыс екен.

Жүктелуде...