Белгілі журналист біржынысты некеге тұрған қазақстандық медиамагнаттың ұлына қатысты бар шындықты айтты

29 Қараша, 2019 2982 0

Қазақстандық медиамагнат – Мирболат Кунбаевтың ұлы Айдар Кунбаевтың бразилиялық азаматпен некеге отыруы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп еді. Қазақ жігітінің таңдайын қолдағандар да табылды.

Белгілі журналист Айнұр Күзербаева Мирболат Кунбаевтың қол астында жұмыс істегенін алға тарта отырып, олардың отбасына қатысты тың ақпаратпен бөлісіп, баласының таңдауын сыйлаған ата-анаға бас иетінін айтты. Журналист өзінің фейсбук желісіне жүктеген жазбасында:

«Біреудің баласы туралы бірдеме деуге қалай қорықпайды, осы жұрт?Мазақтап күліп, сынап, сыбап... Біреудің сүрінгеніне сұқ саусағын шошайтып, сөйлеп қалуға тырысады, неге? Ол жігіттің әкесі "Медиамагнат" деп жатқан кісі бастығым болған кезінде. Ұлын қасынан қалдырмайтын реті келсе. Баласы шетелде оқыды. Оқуынан келгенде әкесімен еріп, біздің ортамызға да келетін. Тәрбиелі, қарапайым жігіт», -деп Кунбаевтың өте мықты, білікті медиаменеджер болғанын,журналистердің жанын түсінетінін, жоғары айлық, қызметтік пәтерге дейін қамтамасыз еткендігін жасырмады.
«Өзінің кабинетін де журналистерге бөліп беріп, өзі ресепшнде талай отырды.Көлік болмай қалса, съемкаға сол басшымыздың джипімен талай бардық. Әйелі қандай еді. Бізбен бірге талай отырыстарда бірге ойнап күлді»,- деп медиамагнаттың әйелі жайлы да естеліктерімен бөлісті.

Айнұр Күзербаева  жазбасының соңында:«Екеуінің алдында бас идім.Олар баласын бар болмысымен қабылдады. Жан дегенде жалғыз баласының таңдауын түсінуге тырысты. Енді не істеуі керек еді, өзгешесің деп өзектен тебе ме? Кеше видеосын көріп, әке мен шешенің бала бақыты үшін тәуекелге барғанын түсіндім.Табаламайық, видеосын жерден жеті қоян тапқандай таратпайық. Бәріміз бала өсіріп отырмыз.»,- деп халықты сабырға шақырып, бұрынғы басшысына тіл тигізбеуді сұрады.

Тегтер: МирболатКунбаев, медиамагнат, отбасы, неке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.