Жаңалықтар

Немістер кафелерде ара-қашықты сақтайтын ерекше бас киім ойлап тапты

Немістер кафелерде ара-қашықты сақтайтын ерекше бас киім ойлап тапты

Германияда 11 мамырдан бастап дүкендер, кафелер мен оқу орындары жұмыс істей бастайды. Елдегі карантин режимі жеңілдетіліп, қоғамдық тамақтанатын орындар ашыла бастаған. Қызығы, жаңа әдістер енгізілген. Ең басты тәртіп ол, өзара ара қашықтықты сақтау қатаң ескертіледі. Биліктің бекіткен заңына сәйкес, адамдар бір-бірімен 1,5 метр ара қашықтықта болуы тиіс.  width= Шверин атты қаласында Cafe & Konditorei Rothe атты кафесінің қызметкерлері жаңа әдістерімен таң қалдырған. Олар әр келушіге арнайы майысқыш материалдан жасалған бас киімдерді киюге ұсынады екен. Бас киімдер сырттан қарағанда күлкілі болуы мүмкін. Алайда төтенше жағдай кезінде халық үйде әбден жалыққан. Кафенің басшысы Жаклиннің айтуынша, бас киімді кафеге келушілері ыңғайлылығымен ұнатуда екен. 16 мамырдсғы мәлімет бойынша, Германияда коронавирус жұқтырғандардың саны 176 мың адам жұқтырып, оның 8 мыңға жуық адам қайтыс болған. Алайда соңғы күндері жұқтырушылар саны азая бастағандықтан, билік карантин режимін жеңілдетуді ұйғарған.